Елена Рыбакина жарақатына байланысты ойынды тоқтатып, әлемнің 1-ракеткасы бола алмай қалды
Елена Рыбакина жарақатына байланысты Швёнтекке қарсы кездесуінен бас тартты. Енді ол әлемнің 1-ракеткасы атанбайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстандық теннисші Цинциннатидегі турнирдің ширек финалын аяқтай алмады.
Рыбакина сол жақ тобығының жарақатына байланысты Цинциннатидегі турнирде Ига Швёнтекке қарсы ширек финалдық кездесуінен бас тартты. Әйелдер теннисі қауымдастығының ресми сайтының хабарлауынша, кездесу поляк теннисшісінің пайдасына 4:1 есебімен аяқталды.
Ол тобығы ауырып, допты ойынға қоса алмады. Медициналық тексеруден кейін ойыннан бас тартты.
Осылайша ол әлемнің 1-ракеткасы атану мүмкіндігін жіберіп алды.
Рейтингте бірінші орынға жету үшін Рыбакина финалға шығуы керек еді, бірақ Собаленко АҚШ ашық чемпионатына дейін көшбасшылығын сақтап қалады.
Швёнтек Рыбакинаның АҚШ ашық чемпионатына дейін қалпына келетініне үміт білдіріп, денсаулық нәтижеден маңыздырақ екенін атап өтті.
Намаз оқып, қызды салауатпен ұзатқан: Қазақстандықтар арасында тойдағы әрекет талқыға түсті (видео)
