Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елена Рыбакина әлемдегі ең көп табыс тапқан теннисшілердің ондығына енді

Теннисші Елена Рыбакина
Фото: WTA

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 2026 жылдың қорытындысы бойынша әлемдегі ең көп табыс тапқан теннисшілердің ТОП-10 рейтингіне кірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Sports.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Sportico басылымы жасаған рейтингке сәйкес, қазақстандық теннисші 2026 жылы 16,3 миллион АҚШ доллары көлемінде табыс тапқан. Оның 11,3 миллион доллары турнирлердегі жүлде қорынан, ал 5 миллион доллары демеушілік келісімшарттардан түскен.

Рейтингтің көшін 62,9 миллион доллармен Карлос Алькарас бастады. Екінші орында 59 миллион доллармен Янник Синнер, ал үшінші сатыда 40,3 миллион доллармен Коко Гауфф тұр.

2026 жылғы ең көп табыс тапқан теннисшілердің алғашқы ондығы:

  • Карлос Алькарас (Испания) – 62,9 миллион доллар (29,47 миллиард теңге);
  • Янник Синнер (Италия) – 59 миллион доллар (27,64 миллиард теңге);
  • Коко Гауфф (АҚШ) – 40,3 миллион доллар (18,88 миллиард теңге);
  • Серена Уильямс (АҚШ) – 40 миллион доллар (18,74 миллиард теңге);
  • Арина Соболенко (Беларусь) – 35,9 миллион доллар (16,82 миллиард теңге);
  • Новак Джокович (Сербия) – 25,6 миллион доллар (11,99 миллиард теңге);
  • Чжэн Циньвэнь (Қытай) – 24,6 миллион доллар (11,52 миллиард теңге);
  • Ига Швёнтек (Польша) – 22,8 миллион доллар (10,68 миллиард теңге);
  • Александр Зверев (Германия) – 16,7 миллион доллар (7,82 миллиард теңге);
  • Елена Рыбакина (Қазақстан) – 16,3 миллион доллар (7,64 миллиард теңге).

Еске салайық, бұған дейін Елена Рыбакина 2024 жылы да Штутгарттағы турнирде чемпион атанып, басты жүлде ретінде Porsche Taycan 4S Sport Turismo автокөлігін иеленген. Ал биылғы жеңісінен кейін қазақстандық теннисшіге Porsche 911 табысталды. Бұл жолы Рыбакина жаңа көлігін сатпай, отбасымен және командасымен бірге пайдаланатынын айтты.

Айым Атамбаева
Бейсенбі, 09 Шілде, 2026 10:55