Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Карта мен QR төлемдерін қабылдамайтын дүкендерді әшкерелейтіндерге сыйақы беріледі

төлем карта QR
Фото: magnific.com

Енді карта немесе кьюар арқылы төлем қабылдамайтын дүкендерді әшкерелеген азаматтарға сыйақы төленеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

25 тамыздан бастап бақылау-кассалық машинасын қолдану тәртібін бұзған кәсіпкерлерді анықтауға ат салысқандарға мың теңгеден берілмек. Ол үшін мобильді аударымның түбіртегін дәлел ретінде көрсетсе жеткілікті.

“Заңбұзушылықтар анықталған жағдайда ақпаратты кәсіпкердің немесе объектінің орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына e-Otinish ақпараттық жүйесі арқылы жіберу қажет. Салық органдары саудагердің заңсыз әрекетін растағаннан кейін ғана ақпарат жеткізген азаматқа сыйақы төленеді. Ал кәсіпкердің өзіне айыппұл салынады. Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, түбіртек бермеу, төлемді мобильді аударыммен немесе тек қана қолма-қол ақша түрінде қабылдау да заңбұзушылық”, – деп мәлімдеді мемлекеттік кірістер комитеті.

Комитеттің хабарлауынша, әдетте бұл әрекетке кәсіпкерлер салық төлемеу үшін барады. 

Айым Болатқызы
Жұма, 21 Тамыз, 2026 09:00