Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жаппай су өшірілетіні туралы ақпарат тарады: "Алматы Су" мекемесі түсініктеме берді

Су краны
Фото: istockphoto.com

Әлеуметтік желіде Алматыда алдағы демалыс күндері жаппай су өшірілетіні туралы ақпарат тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

"Алматы Су" мекемесі бұл ақпаратты жоққа шығарып, алдағы демалыс күндері Алматыда салқын судың жаппай өшірілуі жоспарланбағанын хабарлады.

"Алматы қаласында су беру штаттық режимде жүргізуде. Алдағы екі аптада абоненттердің бір бөлігін салқын сумен жабдықтауды тоқтататын жоспарлы жұмыстар жүргізу көзделмеген", – делінген "Алматы Су" хабарламасында.

Сонымен қатар мемеке сумен жабдықтау жүйесінің жұмысына қатысты өзекті ақпарат кәсіпорынның ресми сайтында, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі парақшаларында жарияланатынын атап өтті.

"Шындыққа жанаспайтын ақпаратты таратпауды және тек ресми дереккөздерге сенуді сұраймыз", – делінген хабарламада. 

Еске салсақ, 14 тамыз күні Алматы мен Алматы облысындағы жарықтың жаппай өшуі кезінде қала тұрғындарына су беру уақытша тоқтатылған еді.

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 20 Тамыз, 2026 19:59