Қазақстандық әйел кілтін кірпіш астына қоямын деп алтындарынан айырылды
Ақтөбе облысының Шалқар қаласында үйге ұрлық жасалды. Үйден шамамен 1 миллион теңгеге бағаланған алтын және зергерлік бұйымдар ұрланған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ұры есікті бұзып кірмеген. Пәтер иесінің кілтті кіреберіс есіктің жанындағы кірпіштің астына қалдырып кеткені анықталды.
Тергеу операциясы барысында полиция қызметкерлері 39 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады. Ер адам кірпіш астына тасталған кілтті пайдаланып, пәтерге кіріп, алтын зергерлік бұйымдарды ұрлап, кейіннен оларды ломбардқа тапсырған. Ұрлықтың толық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр.
Полиция азаматтарды кілттерді қауіпсіз жерде сақтауға шақырады.
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар
