Алматының бір бөлігі тағы да жарықсыз қалды: Ақаудың себебі белгілі болды
20 тамызда Алматы тұрғындарының бір бөлігі жарықсыз қалды. "Алатау Жарық компаниясы" электр энергиясының өшу себебін атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Алатау Жарық” компаниясының ресми сайтындағы интерактивті картаға сәйкес, қазір Алматының бірнеше ауданында электр энергиясы өшірілген.
Мәселен Алмалы ауданында Түркебаев, Райымбек, Розыбакиев және Бөгенбай батыр көшелерінің аралығындағы кейбір үйлердің тұрғындары жарықсыз қалған.
Сондай-ақ Жетісу ауданындағы Серіков көшесі, Омаров көшесі, сондай-ақ Сельская, Жұмабаев, Сейфуллин және Беспақов көшелерінде электр жарығы өшкен.
"Алатау Жарық компаниясының" мәліметінше, 20 тамызда Алматының бірқатар ауданында электр энергиясының уақытша өшуі тіркелген.
"Алмалы ауданында сағат 16:20-да Түркебаев, Розыбакиев, Бөгенбай батыр көшелері мен Райымбек даңғылы аумағында электр энергиясы уақытша өшірілді. Бұған тарату пунктіндегі екі ұяшықтың зақымдануы себеп болды. "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ мамандары жедел түрде жұмысқа кірісті. Қазір электрмен жабдықтауды толық қалпына келтіру үшін қажетті техникалық жұмыстар жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада.
Еске салсақ, 14 тамызда Алматыда электр қуаты жаппай өшіп, тұрғындарды әбігерге салған еді.
"Біз славян қазақтарымыз": Қазақстандық әке жеті баласына қазақ тілі мен домбыра үйретіп жүр
Роман Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ тілін үйренуге ден қойып, содан бері тілді біртіндеп жетілдіріп келеді
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды
