Альпі тауларында миллиардерлерге арналған жасырын қоймалар салынып жатыр – БАҚ
Швейцариядағы Альпі тауларында әлемдегі ең бай адамдарға арналған жерасты нысандары салынып жатыр. Тауда 100 метрден астам тереңдікте қоршалған қоймалар орналасады. Онда байлар алтын, ақша, өнер туындылары, тіпті қымбат көліктерін де сақтай алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Жобаны кәсіпкер Томас Гассердің Brünig Mega Safe AG компаниясы жүзеге асырып жатыр.
Құрылыс жұмыстары 2026 жылдың қаңтарында басталған. Компания өкілі Хуго Шиттенхельмнің айтуынша, жоғары деңгейде қорғалған аймақты салудың негізгі кезеңі аяқталған. Ал алғашқы қоймалар 2028 жылы дайын болуы мүмкін. Бір нысанды 99 жылға пайдалану құны 1 миллион еуроға дейін жетуі ықтимал. Алғашқы клиенттермен келісімшарттар жасалып қойған.
Таудың ішінде барлығы 20-дан 25-ке дейін жеке қойма жабдықтау жоспарланып отыр. Оларды пайдалану құқықтары жер кадастрына тіркелетіндіктен, бұл нысандар кәдімгі банк ұяшығынан гөрі жылжымайтын мүлікке көбірек ұқсайды. Иелеріне қоймалардың ұрлықтан, шабуылдардан және кез келген табиғи апаттан қорғалатыны уәде етілген.
Ішке бірнеше тексеруден өткеннен кейін ғана кіруге болады. Гассердің айтуынша, келушілер арнайы шлюздер жүйесі мен бақылау рәсімдерінен өтуге тиіс.
Намаз оқып, қызды салауатпен ұзатқан: Қазақстандықтар арасында тойдағы әрекет талқыға түсті (видео)
