Қазақстандықтар QR арқылы төлем жасағанда банктер қанша комиссия алады? Ұлттық банк шағымдарға жауап берді

Қазақстанда бірыңғай QR-код жүйесі іске қосылатынына байланысты Ұлттық банк жаңа жүйедегі комиссия қалай бөлінетінін түсіндірді. Мәліметке сай, QR арқылы төлем жасау картамен есеп айырысудан қымбат болмайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
(лтты9 банк 19 шілдеден бастап Қазақстанда бірыңғай QR-код жүйесі іске қосылуына орай енді кәсіпкерлер кез келген банктің клиенттерінен бір ғана терминал арқылы QR төлем қабылдай алатынын ескертті.
Негізгі талап – мұндай төлем үшін алынатын комиссия кәдімгі банк картасымен төлеу кезіндегі комиссиядан жоғары болмауы тиіс.
Егер сатып алушы мен дүкенге қызмет көрсететін банктер әртүрлі болса, төлем былай бөлінеді:
- Комиссияның 1%-ы сатып алушының банкіне түседі (осы қаражаттың есебінен банктер кэшбэк төлейді);
- Қалған бөлігі дүкенге қызмет көрсететін банкке беріледі;
- Осы сомалардан екі банк те жүйе операторы – Ұлттық төлем корпорациясына (ҰТК) небәрі 0,05% аударады.
ОқыңызҰлттық банктің мәліметінше, реттеуші комиссиялардан ешқандай табыс таппайды. Жүйе іске қосылған алғашқы екі күннің өзінде оны шамамен 1 миллион адам пайдаланып көрген.
Жаңа QR жүйесін қолдану немесе бұрынғы POS-терминал арқылы төлем қабылдауды жалғастыру – кәсіпкерлердің өз таңдауы.
Талқылау
Қазақстандық әйел ұлын 380 мың теңгелік "Жаңа Ұрпақ" лагерінде ұрып тастағанын айтты
Лагерьден кейін ұлының психологиясына айтарлықтай әсер еткен
Алматыда каннибалдар жеті әйелді өлтіріп, олардың етінен тұшпара жасаған
Құрбандардың басым бөлігі Саин мен Сейфуллин көшелерінде клиент іздеген секс-қызметкерлері еді.