Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық ер адам Ресейдегі құрылыс алаңында болған алапат өрттен қаза тапты

Қара түтін
Фото: t.me/ghest_omsk

Қазақстандық ер адам Ресейдегі құрылыс алаңында болған алапат өрттен қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қайғылы оқиға 15 тамыз күні Омбы қаласындағы Крупская көшесі мен Архитекторлар бульварының қиылысында салынып жатқан үйде болған. Бір адам оқиға орнында қаза тауып, зардап шеккен қалған адамдар ауруханаға жеткізілді.

Зардап шеккендер арасында кейін ауруханада қайтыс болған Қазақстан азаматы да болған. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі қазақстандықтың қаза тапқанын растады.

Министрлік өкілдерінің мәліметінше, ол 18 тамызда қайтыс болған.

"Қазақстанның Омбыдағы Бас консулдығы қажетті консулдық-құқықтық көмектің барлығын көрсетіп жатыр. Оның ішінде құжаттарды рәсімдеуге және Қазақстан азаматының қаза болу жағдайына қатысты Ресейдің құзырлы органдарымен өзара іс-қимыл жасауға жәрдемдесуде. Біз марқұмның отбасымен байланыстамыз және өз құзыретіміз шеңберінде қажетті көмек көрсетіп жатырмыз", — делінген министрлік хабарламасында. 

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, өрт салдарынан мердігер ұйымдардың жалпы 11 қызметкері зардап шеккен. Олардың үшеуі амбулаториялық емделуге жіберілген.

Рсесйдің тергеу комитеті аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс қозғады.

Еске салсақ, бұған дейін Түркияда жұмыс істеп жүрген 18 жастағы қазақстандық қыз жол апатынан қаза тапқаны туралы жазған едік.

Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 19 Тамыз, 2026 20:43