Түркияда жұмыс істеп жүрген 18 жастағы қазақстандық қыз жол апатынан қаза тапты
Түркияның Анталия қаласында 18 жастағы қазақстандық қыз жол апатынан қаза тапты. Ол қонақүйлердің бірінде жұмыс істеп жүрген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақпаратты марқұмның туыстары мәлімдеді. Қыздың өліміне 15 маусымда жол-көлік оқиғасы себеп болған.
Қыз өндірістік тәжірибеден өтіп, қонақүйлердің бірінде аниматор болып жұмыс істеген. Туыстарының айтуынша, оқиға болған түні оның іші қатты ауырып, танысы ауруханаға алып бара жатқан кезде жол апаты болған.
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Анталиядағы Бас консулдық марқұмның отбасына қажет консулдық көмек көрсетіп, құжаттарды рәсімдеуге және мәйітті елге жеткізуге жәрдемдескенін мәлімдеді.
Сондай-ақ ведомство қыздың қаза болуына қатысты мән-жай Бас консулдықтың бақылауында екенін, қазір Түркияның құзырлы органдарымен өзара іс-қимыл жалғасып жатқанын хабарлады.
Кинотеатр дәретханасына бармақ болған қазақстандықты билеті болмағаны үшін ішке кіргізбей қойған: Бұл заңды ма?
Заңгер қоғамдық орындардың адам қажеттілігін өтеуіне тыйым салуы заңға қайшы екенін алға тартты
36 миллион теңгеге пәтер алған қазақстандық баспанасына кіре алмай қалды: Бұрынғы иесі ақшаны алаяқтарға беріп қойған
Пәтердің бұрынғы иесі алаяқтарға алданғаннан кейін баспананы босатудан бас тартқан
