Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та қаза тапқан 24 жастағы жігіттің денесі Қазақстанға жеткізілді

Әсет Құралбай
Фото: Жақындарының архиві

24 жастағы Қазақстан азаматы Әсет Құралбайдың денесі Қазақстанға қайтарылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев ақпаратты растады.

Оның айтуынша, Нью-Йорктегі Қазақстан консулдығы марқұмның отбасына барлық қажетті консулдық қолдау көрсетіп, денені елге қайтаруға көмектесті.

"25 маусымда азаматтың денесі Қазақстанға қайтарылды. Консулдық толық көмек көрсетті", – деді Ерлан Жетібаев.

Еске салсақ, АҚШ-та қазақстандық жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен еді. 

24 жастағы Әсет Құралбайдың жоғалғаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Белгілі болғандай, ол Чикаго маңында тұрған. Соңғы рет 2 маусым күні байланысқа шыққан. Ал 7 маусымнан бері оның телефоны өшірулі күйде. Үйінде жеке құжаттары мен банк карталары қалған.

10 маусымда полиция оның Toyota Camry автокөлігін тапқанымен, Әсеттің нақты қайда екені әлі белгісіз. Қазір оны іздестіру жалғасып жатыр.

Қырмызы Скендір
Жұма, 26 Маусым, 2026 08:13