Қазақстанда "Құрылтай" есімді 10 адам тұрады
Қазақстанда 10 адамның есімі "Құрылтай" деп аталған. Олардың жартысы 65 жастан асқан, ал ең үлкені – 80 жаста. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ұлттық статистика бюросының дерегінше, олардың алтауы – ер адам, төртеуі – әйел.
Бұл есімді иеленгендердің басым бөлігі Шығыс Қазақстан облысында тұрады. Мұнда төрт адам бар. Алматыда екі адам тіркелген. Ал Абай, Жамбыл, Қарағанды және Маңғыстау облыстарының әрқайсысында бұл есімді бір адамнан иеленген.

"Құрылтай" есімді адамдардың жартысының жасы 65-тен асқан. Ең үлкені – 80 жаста. Сонымен қатар бұл есімді 30–34, 50–54, 55–59 және 60–64 жас аралығындағы адамдар да иеленген.
Моңғолиядағы қазақ-моңғол дауы неден шықты: Тіл мәселесі неге көтерілді
"Қазақтар болашақта Баян-Өлгейді Қазақстанға қосып жібермек" деген сияқты негізсіз қауесетке ұласып кетті
"Байлықтың жарысы": Қазақстандықтар құдалыққа миллиондап ақша жұмсап, киіт кигізуге қарсы шықты
Айгүл Ғалымжанова: "Шығындарды есептегенде шамамен 15-16 миллион теңге шықты"