99 елді мекен, 14 мыңнан астам тұрғын: «Әділет» партиясы ауыл тұрғындарының ұсыныстарын жинады

24 шілде мен 19 тамыз аралығында "Әділет" партиясының "Әділетті Қазақстан үшін" сайлауалды жобасы аясында мобильді керуеннің алты командасы еліміздің 17 облысын аралап, 99 ауылдық елді мекен тұрғындарымен кездесті.
27 күн ішінде жобаға қатысушылар 13 872 шақырым жол жүріп, 99 кездесу өткізді. Басқосуларға 14 136 тұрғын қатысты. Ауыл тұрғындарымен тікелей диалогқа "Әділет" партиясынан Құрылтай депутаттығына 42 кандидат қатысты. Олар партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, тұрғындардың сауалдарына жауап берді және ұсыныстарын жинақтады.
Жоба бағыттары солтүстіктегі Мамлютка мен Тайынша қалаларынан оңтүстіктегі Сарыағаш пен Қазығұртқа дейін, шығыстағы Үржар мен Зайсаннан батыстағы Форт-Шевченко мен Бейнеуге дейінгі елді мекендерді қамтыды.
Жобаның басты мақсаты – ауыл тұрғындарының пікірін тыңдау. Кездесулер қорытындысы бойынша командалар 2 мыңнан астам ұсыныс жинады. Партия оларды жүйелеп, бірыңғай тізімге енгізіп, алдағы жұмысында ескеруді жоспарлап отыр.
Тұрғындар жиі көтерген мәселелердің қатарында жұмыспен қамту және шағын кәсіпкерлікті дамыту, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымның жай-күйі, елді мекендерді газдандыру, мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігі, сондай-ақ ауылдық аумақтардың ірі көлік және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға қатысуы болды.
Сонымен қатар ауыл тұрғындары жаңа жұмыс орындарын ашуға, ауыл жастарының болашағына, ауыл кәсіпкерлігін дамытуға, борыш жүктемесін азайтуға және қаржылық сауаттылықты арттыруға ерекше назар аударды.
Жамбыл облысында мобильді керуен жұмысына "Әділет" партиясының төрағасы Айбек Дәдебай қосылды. Ол кандидаттармен бірге Нұрлыкент ауылының тұрғындарымен кездесіп, жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті қолдау және ауыл тұрғындарының табысын арттыру мәселелерін талқылады.
Жиналған ұсыныстарға жүргізілген алдын ала талдау олардың елеулі бөлігі Қазақстан ауылдарын дамытудың жүйелі мәселелеріне қатысты екенін көрсетті. Бұл бағыттағы тиісті шешімдер "Әділетті болашақ үшін" партиясының сайлауалды бағдарламасында ауылдық жерлерді дамытуға арналған жеке бөлімде қарастырылған.
"Әділетті Қазақстан үшін" жобасы партияның сайлауалды науқаны аясындағы ірі көшпелі форматтардың біріне айналды. Жоба кандидаттарға шалғай елді мекен тұрғындарымен жүздесіп, оларды толғандырған мәселелерді тікелей тыңдап, нақты ұсыныстарын жинауға мүмкіндік берді.
Дайындаған:
"Әділет" партиясының баспасөз қызметі.
"Әділет" партиясы" ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.
Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.
Намаз оқып, қызды салауатпен ұзатқан: Қазақстандықтар арасында тойдағы әрекет талқыға түсті (видео)