90 жастағы әжей Медеуден Горельникке дейін көтеріліп, арманын орындады
90 жастағы алматылық әжейдің тауға көтерілген видеосы желіде жұртты тәнті етті. Ол "Медеудегі" Денсаулық баспалдағымен ғана шектелмей, Горельникке дейін жеткен. Ең қызығы әжей бұл бағытпен жүруді көптен бері армандаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әжейдің видеосын Меруерт есімді алматылық әлеуметтік желіге жариялаған. Видеода оның құрбыларымен демалып отырғаны, ал әжейдің қысқа ғана үзілістен соң қайта тауға көтерілгені көрінеді.
"Біз отырып, демімізді басып, үзіліс жасап жатқанда, әжейдің көтеріліп келе жатқанын көрдік. Бізден айырмашылығы, ол орындыққа отырып, демалмады. Бар болғаны 30 секундтай тұрып, қайтадан жүріп кете берді", — деді Меруерт.
Видеоның астына желі қолданушылары әжейге жылы лебіздерін жаудырған.
"Қандай керемет жан! Алла ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық берсін!", "Алдымен 90 жасқа дейін жетіп алу керек, оның үстіне дені сау болу қажет! Жарайсың, апа!", "Немерелері де жарайсыңдар, әжейге қолдау көрсетіп, бірге барған", "90 жасында баспалдақпен көтерілген. Демек, бұл оның көптен бергі арманы болған. Армандарыңыз орындала берсін!", – деп жазды жұртшылық.

Кейін әжейдің бағыты Денсаулық баспалдағымен ғана шектелмегені белгілі болды. Ол Горельникке дейін де жеткен.
700 мың теңге бопсалады деген блогер полицияны үш рет жазықсыз түрмеге қамады деп айыптады