Владимир Путин Ресейде әскердің бір бөлігін мобилизациялауға шешім қабылдады
Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин әскердің бір бөлігін мобилизациялау (мемлекеттің қарулы күштерін бейбітшілік жағдайдан соғыс жағдайына көшіру) туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның сөзінше, бұл Ресейдің егемендігі мен біртұтастығын сақтау үшін жасалған. Сонымен қатар әскери қызметке барлық азаматтар емес, запастағы әскерилер шақырылады.
"Қорғаныс министрлігі мен Бас штабтың Ресейде ішінара жұмылдыру жұмыстарын жүргізу туралы ұсынысын қолдау қажет деп санаймын", - деді Путин.
Ресей басшысы мобилизацияның бүгін, 21 қыркүйектен бастап күшіне енетінін атап өтті.
“Әскерге шақырылғандар міндетті дайындықтан өтеді. Еріктілер мәртебесі қарастырылатын болады”, – деп қосты ол.
Сонымен қатар Кремль қабылдаған заңда жартылай мобилизациялау кезінде жасына, денсаулығына байланысты және соттың бас бостандығынан айыру үкімі бойынша әскери қызметтен босатуға болатыны айтылған.
"Жарақатты үйде алдым деп айт": Жұмыс берушілер өндірістегі оқиғаны неге жасырады және қызметкер не істеуі керек
Жарақат алған жұмысшының құқығын қорғаудың қандай жолдары бар екенін заңгер айтты
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан