Тоқаев Головкинді тарихи жетістігімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді есімінің Халықаралық бокс даңқы залына ресми түрде жазылуымен құттықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Президент бұл тарихи уақиға аты аңызға айналған отандасымыздың жаһандық спорттағы қолтаңбасы айрықша маңызға ие екенін айғақтайтынын атап өтті. Сондай-ақ Қазақстанның әлемдік аренадағы шынайы келбеті мен беделін қалыптастыруға қосқан елеулі үлесін көрсетеді.
Тоқаевтың пікірінше, Геннадий Головкин – еліміздің мақтанышы әрі халықаралық спорт қоғамдастығындағы елшісі.
Оқыңыз“Қасым-Жомарт Тоқаев дүние жүзіндегі ең үздік боксшылардың бірінен үлгі алған жас спортшыларымыз жігерленіп, биік белестерді бағындыра беретініне сенім білдірді”, – делінген Ақорда хабарламасында.
Еске салсақ, бұған дейін Геннадий Головкин ресми түрде Халықаралық бокс даңқы залына енгізілгені туралы жазған едік.
Қазақстандық түрмелерде сотталғандар енді отбасымен видеотаксофон арқылы сөйлесе алады
Қазір ел бойынша 18 мекемеде 86 видеотаксофон орнатылды
"Дипломынан айырылғалы отыр": Алматыда әскерге күштеп әкеткен студенттің анасы президенттен араша сұрады
Жанаттың айтуынша, ұлы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің күндізгі бөлімде мемлекеттік грант негізінде білім алып жүрген