АҚШ-та Қазақстан азаматы болуы мүмкін адамның мәйіті табылды

АҚШ-та Қазақстан азаматының денесі табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бүгін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінде брифинг өтіп жатыр. Ерлан Жетібаевтың айтуынша, брифинг басталар алдында СІМ-ге жоғалған қазақстандыққа қатысты жаңартылған ақпарат түскен.
"Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың құзырлы органдарынан Қазақстан азаматы болуы мүмкін адамның мәйіті табылғаны туралы ақпарат алды. Қазіргі уақытта америкалық тарап қажетті рәсімдерді жүргізіп жатыр. Біздің дипломаттар АҚШ-тың құзырлы органдарымен және азаматтың туыстарымен байланыста. Оларға қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетілуде", – деді Ерлан Жетібаев.
ОқыңызАҚШ тарапынан ресми ақпарат түскен сайын Сыртқы істер министрлігі қосымша мәлімет ұсынуға уәде берді.
Еске салсақ, АҚШ-та қазақстандық жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен еді.
24 жастағы Әсет Құралбайдың жоғалғаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Белгілі болғандай, ол Чикаго маңында тұрған. Соңғы рет 2 маусым күні байланысқа шыққан. Ал 7 маусымнан бері оның телефоны өшірулі күйде. Үйінде жеке құжаттары мен банк карталары қалған.
10 маусымда полиция оның Toyota Camry автокөлігін тапқанымен, Әсеттің нақты қайда екені әлі белгісіз. Қазір оны іздестіру жалғасып жатыр.
Қазақстандық түрмелерде сотталғандар енді отбасымен видеотаксофон арқылы сөйлесе алады