Головкин мен Канело бокс кешінде бірге көзге түсті
Әлемнің бұрынғы чемпионы, қазір Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті мен World Boxing ұйымының басшысы қызметін атқаратын Геннадий Головкин Гизада өткен Александр Усик пен Рико Верхувен арасындағы жекпе-жек кешіне қатысты.
Кеш барысында түсірілген кадрлардың бірінде Геннадий Головкиннің жекпе-жекті Сауль Альварес және Энтони Джошуамен бір қатарда отырып тамашалаған сәті байқалды.
Жекпе-жек 11-раундта аяқталып, жеңіс украиналық боксшы Александр Усикке бұйырды. Осылайша ол ауыр салмақтағы WBA (Super), WBC және The Ring нұсқалары бойынша әлем чемпионы атақтарын сақтап қалды.
Айта кетейік, Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварес 2017–2022 жылдар аралығында Лас-Вегаста үш рет кездескен. Алғашқы жекпе-жек тең аяқталса, 2018 және 2022 жылдардағы кездесулерде жеңіс мексикалық боксшыға берілген еді.
Кейін бұл жекпе-жектер жасанды интеллект көмегімен талданған. Талдау нәтижесінде Геннадий Головкин үш кездесудің екеуінде басым болғаны көрсетілгені хабарланған.
Талғарда баланы азғындамақ ер адам ұсталды: Қыздың анасы істі ешқандай адвокат алмай жатқанын айтады
Талғар қаласында ұрлық үстінде бала зорлауға әрекет жасаған ер адамды полиция ұстады
Өзбекәлі Жәнібеков кім және Қазақстанда оның кесенесі неліктен тарих және мәдениет ескерткіші деп танылды
Реставрацияның мақсаты – кесененің жағдайын жақсартып, сәулеттік келбетін сақтау және ғұмырын ұзарту