Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бұл бос сөз емес": Путин Батыс елдерін ядролық қарумен қорқытты

Президент Владимир Путин Ресей Федерациясында ішінара мобилизация жарияланғаннан кейін батыс елдерін ядролық қарумен тағы да қорқытты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Путин мәлімдемесінде батыстың мақсаты – Ресейді әлсірету, бөлу және жойып жіберу екенін, олардың “1991 жылы КСРО-ны бөліп тастай алдық, ал қазір Ресейдің уақыты келді” деп айтатынын жеткізді. 

"Бұл Батыстың мақсаты – біздің елді әлсірету, бөлу және жойып жіберу. Олар қазірдің өзінде 1991 жылы Кеңес одағын бөліп тастай алдық деп нақты айтып жүр. Ал қазір олар Ресейдің өзі бір-біріне өлердей жау болатындай етіп аймақтар мен облыстарға бөлінуі керек деп отыр", — деді ол ресейліктерге үндеу барысында.

Сонымен бірге президент батыс елдерінің, әсіресе НАТО блогына кіретіндердің Ресейге қарсы агрессивті әрекеттерінің барған сайын дамып келе жатқанын атап өтті. Путин бұлай жалғаса берсе Ресей Федерациясы ең заманауи қаруды қолдана отырып, әскери жауап беруге дайын екенін еске салды.

"Батыс Ресейге қарсы агрессивті саясатында барлық шектен шығып кетті. Біз еліміздің және халқымыздың атына төнетін қатерлерді үнемі естіп жүрміз. Батыстағы кейбір жауапсыз саясаткерлер Украинаға алыс қашықтықтағы шабуылдаушы қару-жарақтарды, Қырымға, Ресейдің басқа аймақтарына соққы беруге мүмкіндік беретін жүйелерді жеткізуді ұйымдастыру жоспарлары туралы ғана емес, мұндай террористік шабуылдарды, соның ішінде Батыс қаруын Белгород, Курск облыстарындағы шекаралас елді мекендерде қолданып жатыр", – -дейді Путин. 

Путиннің айтуынша, “НАТО" нақты уақыт режимінде Ресейдің оңтүстігінде барлау жүргізіп жатыр.

“Вашингтонда, Лондонда, Брюссельде Киевтің әскери әрекеттерін біздің аумаққа көшіруге тікелей итермелейді. Сондай-ақ олар “Ресейдың барынша жойылып, өз егемендігінен айырылғанын қалайды. 

Бұған ядромен бопсалау да қосылды. Біз батыстың Запорожье атом электр станциясына шабуылды ындаландыруын ғана емес, сонымен бірге НАТО-ның жетекші мемлекеттерінің кейбір жоғары лауазымды өкілдерінің Ресейге қарсы жаппай қырып-жою қаруын, яғни ядролық қаруды қолдану мүмкіндігі туралы мәлімдемелерін айтып отырмыз. 

Ресейге қатысты осындай мәлімдеме жасағандарға біздің елде әртүрлі құралдар бар екенін, оның НАТО елдеріне қарағанда заманауи екенін еске салғым келеді. Еліміздің аумақтық тұтастығына қауіп төнетін болса біз Ресей мен халқымызды қорғау үшін, әрине, қолымыздағы барлық құралдарды қолданатын боламыз. Бұл бос сөз емес", – деді Путин. 

Путин Ресейдің "аумақтық тұтастығына, тәуелсіздігі мен бостандығына қауіп төнсе барлық қолда бар құралдармен қамтамасыз етілетініне” сендірді. 

"Бізді ядролық қарумен бопсалауға тырысқандарға бізге қазған орына өздері түсетінін айтқым келеді”, – деді ол. 

Сонымен қоса Путин Ресейдің тарихи дәстүрінде әлемдік үстемдікке ұмтылатындарды тоқтататып жүргенін және қазір Ресей Федерациясы мұны істейтініне сенімді екенін айтты.

Айта кетсек, Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин әскердің бір бөлігін мобилизациялау (мемлекеттің қарулы күштерін бейбітшілік жағдайдан соғыс жағдайына көшіру) туралы қаулыға қол қойды. 

Ресей басшысы мобилизацияның бүгін, 21 қыркүйектен бастап күшіне енетінін атап өтті.

Талқылау