"Жын-жыбырлардың мерекесі": ҚМДБ хэллоуин мерекесіне қатысты мәлімдеме жасады
Фото: istockphoto.com
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) хэллоуин мерекесін тойлаудың ислам дініндегі үкімі туралы мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
ҚМДБ мәліметінше, шариғат бойынша мұндай мерекелерді тойлауға тыйым салынған.
"Шам үрлеуге болмайды": Имам мұсылмандарға туған күнді қалай атап өтуге рұқсат етілгенін айтып берді
"Рөлде отырып телефонмен сөйлесу - күнә": ҚМДБ исламдағы көлік жүргізу мәдениеті туралы айтып берді
“Түп тамырын ежелгі Ирландия мен Шотландиядан алынған жын-жыбырлылардың мерекесі хэллоуин біздің дінімізге де, қазаққа да үш қайнаса сорпасы қосылмайтынын айтпаса да түсінікті. Шариғатымыз мұндай мерекелерге тыйым салады. Себебі Пайғамбарымыз (с.а.у.) кәпір қауымға ұқсап қалудан сақтандырған. Ибн Омардан жеткен хадисте Пайғамбарымыз (с.а.у.): “Кімде-кім бір қауымға ұқсағысы келсе, ол солардан болады”-деді”, – делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін Бас мүфти Наурызбай Тағанұлы әйелдер, қазақ тілі мен дәстүр туралы даулы пікір білдірген имамдарға қандай шаралар қолданылғанын айтып берген еді.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар