Қызылордада "Жастармен бірге!" атты open air форматындағы жастар кеші өтті

12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай Қызылорда қаласындағы “Достық үйі” ғимаратының алдында ашық аспан астында жастарға арналған ерекше гала-концерт ұйымдастырылды. “Жастармен бірге!" атауымен өткен кешке қала жастары мен қонақтар қатысып, әсерлі атмосферада демалыс кешін өткізді.
Шараға қатысқан Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет барша жастарды мерекемен құттықтап: "Жастар – қашанда асқақ арман мен үміт, биік ар мен өр намыстың символы. Қай елдің болмасын басты капиталы халқы десек, соның ішінде жастар – қоғамның жетекші күші ретінде елдің дамуы үшін жауапты екені сөзсіз", – деп атап өтті.


Кештің басты хедлайнері – “6ELLUCCI” тобы жарқын шоу ұсынып, жастардың мерекелік қуанышын еселей түсті. Шара соңында DJ Jako-ның сүйемелдеуімен өткен би кеші мерекені ерекше қорытындылады.
Мерекелік концерттің бір ерекшелігі өнер көрсеткен өнерпаздарымыздың барлығы жергілікті жастар және Сыр өңірінен шығып тұтас елге танымал болып үлгерген жас таланттар.