Қызылордада 42500 теңгені талап еткен әйел жазаланды
Қызылорда қаласының тұрғынына төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
13 сәуірде Nur Otan партиясының облыстық филиалының ғимаратына бірнеше адам жиналған. Олар әлеуметтік көмек тағайындалғандар тізімінде бар ма, жоқ па екенін білуге келген.
Жергілікті атқарушы органдардың өкілдері мен прокуратура қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын жүргізгеннен кейін жиналған адамдар тарай бастаған.
Алайда 27 жастағы қала тұрғыны карантин режимінің талаптарын сақтамай, полицияның ескертулеріне мүлдем құлақ аспаған. Осыған байланысты ӘҚБтК - нің "Төтенше жағдай режимін бұзу" бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды.
Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік соты оған 10 АЕК (27 780 теңге) көлемінде айыппұл салды.
Моңғолиядағы қазақ-моңғол дауы неден шықты: Тіл мәселесі неге көтерілді
"Қазақтар болашақта Баян-Өлгейді Қазақстанға қосып жібермек" деген сияқты негізсіз қауесетке ұласып кетті
"Байлықтың жарысы": Қазақстандықтар құдалыққа миллиондап ақша жұмсап, киіт кигізуге қарсы шықты
Айгүл Ғалымжанова: "Шығындарды есептегенде шамамен 15-16 миллион теңге шықты"