Қызылорда облысында коронавирус жұқтырудың жаңа 6 жағдайы тіркелді
Қызылорда облысында коронавирустық инфекцияны жұқтырудың тағы 6 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Бүгінгі таңда елімізде коронавирусты тіркеудің 369 жағдайы расталды, оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында – 184 жағдай, Алматы – 84 жағдай, Қарағанды облысында - 14 жағдай, Атырау облысында - 16 жағдай, Ақмола облысында - 16 жағдай, Жамбыл облысында - 3 жағдай, Шымкент қаласында - 3 жағдай, Шығыс Қазақстан облысында - 2 жағдай, Алматы облысында - 8 жағдай, Ақтөбе облысында - 3 жағдай, Солтүстік Қазақстан облысында - 3 жағдай, Павлодар облысында - 1 жағдай, Маңғыстау облысында - 1 жағдай, Қызылорда облысында - 24 жағдай, Батыс Қазақстан облысында - 2 жағдай, Түркістан облысында - 5 жағдай.
Бұған дейін Қазақстанда коронавирустан үшінші адамның көз жұмғаны хабарланды.
1 қарашадан бастап Қазақстанда педиатрия бөлімшелер жабыла ма: Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарға жауап берді
Денсаулық сақтау басқармасы жалпы практика дәрігерлері, содан кейін керек болған жағдайда педиатр тексеретінін мәлімдеді.
Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге алынса, Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
6,5 триллион теңге инфрақұрылымға жұмсалады: Бұл халықтың тұрмысын жақсарта ма?