Қызылорда облысында қоғам белсендісі кәсіпкерлерден 55 миллион теңгеден астам ақшаны заңсыз алды деп айыпталды
Қаржылық мониторинг агенттігі Қызылорда облысында бірнеше қоғамдық ұйым мүшесіне алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеруді бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Pexels.com
Ол "Даму бала" платформасы арқылы қызмет көрсететін кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптарға сәйкестігін тексеру актілерінен, балалар шығармашылығы және спорт саласында анықталған бұзушылықтарды алып тастау үшін 81 кәсіпкерден пара алды деген күдікке ілінді.
“Оған өзінің сенімді тұлғалары арқылы 55 миллион теңгеден астам қаражат алған деп айып тағылды. Спорттық жабдықтардың талаптарға сәйкес келмеуі, балалардың келуін есепке алудың бұзылуы, бейнебақылау жүйелерінің толық сәйкес келмеуі және спорт секцияларына баратын балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және басқа да бұзушылықтар анықталды. Аталған факт бойынша тергеу жүргізіліп жатыр”, – делінген хабарламада.
Күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.