Қыз зорламақ болғаны үшін айыпталған азамат Грузиядан Қазақстанға экстрадицияланды
Бас прокуратура қыз зорламақ болғаны үшін айыпталған азаматтың Грузиядан Қазақстанға экстрадицияланғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Бас прокуратура
Ведомствоның мәліметінше 2020 жылы азамат Шымкент қаласында күш қолдану арқылы бойжеткенді зорламақ болған. Жәбірленуші қарсылық көрсетіп, қылмыскердің қолынан қашып құтылған. Сот оны кінәлі деп таныған. Алайда ол үкімнен қашып, тағайындалған жазаны өтеуден жалтарған.
“Соған байланысты халықаралық іздеу жарияланды. 2023 жылғы қазанда сотталушы Грузия аумағында ұсталды. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша грузиялықтарап оны экстрадициялау туралы шешім қабылдады.
Бас прокуратура мен ҚР ІІМ Интерпол қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен сот үкімін орындау үшін Қазақстан азаматын экстрадициялады”, – делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.
"Адам қанын ішіп, етін жеген": Атышулы каннибал Жұмағалиевтің қылмыстары неге жылдар бойы ашылмай келді
Ол әйелдерді өлтіріп, денесін бөлшектеп келген
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған