Жетісу облысында қарумен шабуыл жасап, 62 миллион теңгені ұрлап кеткен ер адам ұсталды
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Алматы облысының полицейлері іздеуде жүрген 42 жастағы қылмыскерді ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин
Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы Бауыржан Аленов өзінің Instagram-дағы парақшасында тәртіп сақшыларының ер адамды Жетісу облысы Алакөл ауданының аумағында құрықтағанын жазды. Қылмыскер қарақшылық жасағаны үшін іздеуде жүрген еді. 2019 жылдың сәуірінде ол атыс қаруымен қорқытып, фармацевтикалық компанияға ұрлыққа түсіп, 62 миллион теңгені иемденген.
Қылмыскер қамауға алынды. Полиция жасалған қылмыстың барлық мән-жайын анықтау бойынша жұмыс істеп жатыр. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Бұған дейін екі баласын тұншықтырып өлтірген әйелдің қылмысқа галлюцинацияның әсерінен барғаны туралы жазған едік.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған