Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қыз зорлады деген күдікпен ұсталған Талдықорған полициясының экс-бастығы сот залында есінен танып қалды (видео)

Талдықорғанда қыз зорлады деген күдікке ілінген полиция басқармасының бұрынғы бастығы Марат Күштібаевқа қатысты сот басталды. Алайда іс барысында денсаулығы сыр беріп, оны ауруханаға алып кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Куштибаев коллаж

Іс барысында денсаулығы сыр берген Марат Күштібаевті жедел жәрдем қызметкерлері сот залынан алып кетуге мәжбүр болды. Экс-полиция басқармасының бастығы есінен танып, оны бірнеше адам көтеріп көлікке жеткізді. Әлеуметтік желіде Күштібаевті алып кеткен сәтте түсірілген видео тарады. 

Бұл ақпаратты Stan.kz тілшісіне Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметі растады.

"Сотталушы К-ны сот отырысы кезінде жедел жәрдеммен алып кеткені туралы ақпаратты растайды. Қазір сотталушы кардиологиялық орталықта дәрігерлердің бақылауында. Осыған байланысты, сот отырысы кейінге қалдырылды", –  деп мәлімдеді облыстық соттың баспасөз қызметі.



Еске сала кетейік, бұған дейін Талдықорған полициясының басшысы зорлады деген күдікпен ұсталған. Кейін ол екі айға қамауға алынды. ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 2-бөлігі ("Адамның қызметтік міндеттерін атқару кезінде жасаған зорлау") бойынша қылмыстық іс қозғалған. 29 ақпанда Марат Күштабаевтың қыз зорлау ісі бойынша сот процесі басталғаны хабарланған.

Бұған дейін Талдықорғандағы қыз зорлау оқиғасынан кейін орта шенді полиция қызметкерлерін аттестациядан өткізбек екені белгілі болған.

Талқылау