Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мені есімнен адасқансың деп айыптады". Жас қыз сүйіктісінің көзіне шөп салғанын селфи арқылы білді

Америкалық қыз сүйіктісінің селфиі арқасында оның көзіне шөп салып жүргенін білді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Dailymail басылымына сілтеме беріп.

24 жастағы Сидни Кинштің бұрынғы жігіті қызға Snapchat желісі арқылы селфи жіберген. Фотоны жіберген ер адам көзілдірігінен басқа әйелдің аяғы көрініп тұрғанын байқамаса керек.  Алайда Сидни өтіріктің иісін бірден сезген.

Тиктокқа түсірген видеосында ол жігіті жіберген селфиді жариялап қойған.

Аталған фотода ер адам қара көзілдірік киіп көлік рөлінде отыр. Суреттің екінші жағында терезеге шығып тұрған әйелдің аяғы көрінеді. 

"Жігітіңнің қара көзілдіріктегі кескініне назар аудар, ханшайым" деп жазды ол видеосының астына.

"Мен оған хабарласып, маған не жібергенін сұрадым. Ол түк те түсінбеген болды", - дейді қыз. 

"Сол кезде мен оған фотоны қайта жібердім. Бірақ ол мені есімнен адасқансың деп айыптады. Суреттегі әйел ортақ досымыздың құрбысы болыпты-мыс. Сондай-ақ, оның да достары болуы қалыпты екенін айтып ақталды", - деп жазды Сидни видео жазбасында. 

Кейінірек жас қыз бұрынғы жігіті бір уақытта бес қызбен сөйлескенін білген. 

Сиднидің видеосы 1,8 миллион қаралым жинаған. Көп адам қызды қолдап пікір жазды: "Әдетте жігіттер, бізден оңай құтылып кетеміз деп ойлайды", "Ақымақ екен, неге қара көзілдірік тағып алған" деп жазды желі қолданушылары.

 

Талқылау