Қытайлық радиотелескоп өзге ғаламшарлықтардан белгі алды
Қытай астрономдары жерден тыс өркениеттердің болуы мүмкін екенін айтуда. Өйткені өзге ғаламшарлықтардың сигналдары әлемдегі ең үлкен FAST радиотелескопы арқылы жазылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қытайдың жерден тыс өркениеттерді зерттеу тобының жетекшісі, профессор Чжан Тончзенің айтуынша 2020 жылы күмәнді сигналдардың екі тобы, ал 2022 жылы экзопланеталардың бірін бақылау кезінде тағы бір топ күмәнді сигналдар тіркелген.
Сарапшылардың пікірінше жерден тыс өркениеттің болуы мүмкін. Дегенмен бұның Тунджи сигналдардың радио кедергілерінен болуы мүмкін екенін де жоққа шығармады. Бұл ретте мамандар мұндай мүмкіндікті растау немесе жоққа шығару үшін қосымша зерттеулерге уақыт қажет екенін атап өтті.
Қазақстандық компания қазақ тілінде баяндама жасаған қызметкерді жұмыстан қуды деп айыпталды
Қызметкердің жұбайы жұмыс берушіден түсініктеме талап етті
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады