Ғалымдар планетамыздың күңгірттеніп кеткенін мәлімдеді
Испаниялық ғалымдар Жер планетасы 30 жыл ішінде күңгірттеніп кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұған себеп – жаһандық жылынудың әсерінен ғаламшардағы мұхиттың қызуы. Нью Джерси университетінің зерттеушілерінің бірі Филипп Гудтың сөзінше, планетаның күн сәулесін шағылыстыратын қабатының төмендеуі де ықпал етуде.
Ғалымдар спутниктерден алынған мәліметтерді, сондай-ақ Жердің жарқылын талдаған. Сарапшылар Тынық мұхитының жылы бөлігінде жарықты шағылыстыратын ашық бұлттардың азаюына байланысты планета күңгірттенді деп есептейді.
Еске салсақ, бұған дейін ғалымдар Жер бетіндегілерді сөзсіз үлкен апат күтіп тұрғанын айтқан болатын.
"Өзге ғаламшарлықтар өмірде бар": Илон Маск мәлімдемесі желі қолданушыларының қызу талқысына түсті
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады