Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қытайда коронавирус тарап жатыр": Адам өміріне қауіпті, емі әлі табылмаған вирустар анықталды

Қытайда тарап жатқан коронавирус емі табылмай жатқан алғашқы ауру емес. Сондай-ақ, адамдар мұндай вируспен XXI ғасырда ғана соқтығысып тұрған жоқ. Егер ұмытпасақ, емі табылмаған ауру осыған дейін де кездескен болатын. Stan.kz қауіпті деген вирустық аурулардың тізімін жасап шықты.

вирус
2013–2016 жылдары Батыс Африкада Эбола ауруы тарап, одан 11 мың адам көз жұмды. Бұл дерт 1976 жылы табылған. Алайда соңғы жүзжылдықта кеңінен тарай бастады. Өлім деңгейі жоғары көрсеткішті көрсеткенімен, Эбола ауруы ауа арқылы тарамайды.  Қан, несеп жолдары, емізу арқылы жұғады. Бұл вирус жарқанаттан тараған. 

Вирус Африкаға қалай келді? Үш негізбен қарастырсақ, бірінішіден, кейбір африкалық тайпалар жарқанатты ас ретінде пайдаланады. Екіншіден, жақсы жұмыс істейтін елді мекендерде антисанитариялық жағдайлар басым. Үшіншіден, Африкада салт-дәстүрлерді қатты ұстанады. Өлген адаммен қоштасарда жақындары оның бетінен сүйеді. Ауруды солай жұқтырып отырған. 

Ауру белгілері асқа тәбеті соқпай, жоғары температура беріп, бұлшықеттері аурудан басталады. Ары қарай жағдайы нашарлап, құсып, іші өтеді. Ең соңында адам есінен танып, ішінен қан кетіп қайтыс болады. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына сенсек, Эбола ауруының емі жоқ. Оның емін де табуға ешкім асықпайды. Себебі бұл вирусқа көбінесе Африканың жағдайы төмен аудандарында өмір сүретіндер шалдығады. 

Зика вирусы да Эбола сияқты Африка аймағынан табылған. Эбола өзен атымен аталған, ал Зика Ургандадағы орман аты. Бұл вирус XX ғасырдың 1947 жылдары пайда болған. Оның да емі жоқ. 2007 жылы вирус Зика Филиппиннің шағын Яп аралында пайда болған. Бірнеше жылдан кейін Орталық және Оңтүстік Америкаға жеткенде ғана ғалымдар вирусты қолға ала бастады. 

Зика вирусы қауіпті болып саналмайды. Дегенмен адам өліп те кетуі мүмкін. Ауру кезінде денеге бөртпе шығып, ұйқы қанбай, дене қызуы болады. Бірнеше күннен кейін бұл белгілер басылады. Алайда ауру мұнымен жазылып кетпейді.  Ол тұқымқуалау арқылы беріледі. Әйелден ішіндегі сәбиге жұғады және жыныстық қатынас арқылы да беріледі. Вирусты тасушы ыстық климаттық аймақтарда өмір сүретін масалар болып табылады. Бұл вирусқа қарсы екпе және дәрі-дәрмектер жоқ. 

Коронавирустың бір түрі ТОРС ауруы белгісіз басталады. Вирус 2002 жылы Қытайдың Гуандун провинциясында пайда болған. Алғашқы науқас фермер. Ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген ол дәрігерлер ауруын анықтамастан бұрын қайтыс болып кеткен. Кейіннен емі жоқ ауру екені белгілі болды. Қытай бұл вируспен жасырын күресті бастаған болатын. Алайда 2003 жылы ТОРС 29 мемлекетте анықталды. Ауру ауа арқылы тараған. 2004 жылы вирусты 8422 адам жұқтырып, оның 900-і көз жұмды.Үш күн ішінде адамның дене қызуы 38 градусқа көтеріліп құрғақ жөтел пайда болады. Бір аптадан кейін жөтел ұлғайып, өкпе ісіп кетеді. Ары қарай демалысы төмендеп, ішкі ағзалар жұмысын тоқтатады. Бұл аурудан көбінесе үлкен жастағылар қайтыс болған. 

Келесі құс тұмауы 1997 жылы Гонконг қаласында табылды. 18 адам ауырып, оның алтауы қайтыс болған. Миллиондаған үй құстарын өртеп, өлтірді. 2003 жылы Азия елдерінде тараған вирус Еуропа және Африкаға да жеткен. Осыдан кейін Азия елдерінде 140 миллион тауық өлтірілді. 2013 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының көрсеткіші бойынша, вирусты 15 елден 649 адам жұқтырған. Оның 384-і көз жұмған. Өлім көрсеткіші 60 пайыздан жоғары.

Артынша 2009 жылы шошқа тұмауы Мексикада пайда болып, АҚШ-қа, одан қала берсе Еуропаға да жеткен. 2009 жылдың соңына дейін вирусты 160 мың адам жұқтырып, оның 3,5 мыңы қайтыс болып кеткен. Бұл вирусқа қарсы екпе және дәрі-дәрмектер жоқ. Препараттар болғанымен, олар 100 пайызға көмектеседі деп айта алмайды. 

Қауіпті вирустардың бірі – бетакоронавирус 2013 жылы Сауд Арабиясында пайда болған. Бірақ қайдан, неден жұғатыны белгісіз. Ғалымдар бір өркешті түйеден жұғуы мүмкін деген болжам жасайды. Ауру адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасы арқылы беріледі. Науқастан дәрігерге жұғу қаупы бар. 

2012 жылы Таяу Шығыста пайда болған вирус 27 мемлекетте тіркелген.  2015 жылы вируспен 1227  адам ауырып, 449-ы көз жұмды. 2019 жылдың қаңтар айында аурудың 80% пайызы Сауд Арабиясында тіркелген. Ауру белгілері: жөтел, мұрыннан су ағу, денеде әлсіздік пайда болады. Иммунитеті әлсіз және үлкен кісілерде ауру өкпе қабынуына айналады. Кейбір жағдайда бүйрек қызметі бұзылып, іштен қан кетеді. 2019 жылы қаңтарда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы вирусқа қарсы екпе және дәрі жоқ екенін хабарлады. 

Жаңа пайда болған және жоғарыда көрсетілген вирустар адам өміріне аса қауіпті. Дегенмен салыстырмалы түрде қарағанда кәдімгі тұмаудан жыл сайын бірнеше мыңдаған адам көз жұмады екен. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, 2017 жылдың соңына қарай кең тараған тыныс жолы ауруынан 650 мың адам көз жұмған. 


 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қытайдағы коронавирус қашан ауыздықталатыны жайлы айтылды

Қытайлық маман коронавирус жұқтырған адам Қытайда анықталғанымен, ауру басқа елден шығуы мүмкін деген болжамды жоққа шығармады

Дәрігердің нұсқаулығымен кез келген дәріні дәріханадан тегін алуға болады - ДСМ

Бұған қоса кәмелетке толмаған балалар үшін де бұл жағдай енді қол жетімді болмақ

Путин сыңарын тарту туралы ұсыныстан бас тартқанын жеткізді

Айтуынша, көптеген адамдар оның сыңары бар екен деп әлі күнге дейін ойлайды

Коронавирусқа қатысты Гонконг тұрғындарына 1300 доллар ақша табысталады

Осылайша билік халықтың қамын ойлайтындарын көрсеткілері келген

Шымкентте ломбардқа өткізілген планшеттер: Қалалық ПД ақпаратты жоққа шығарды

Планшеттердің барлығы қазір қолдануыста жүр екен

Әскери бөлімнен қару ұрлаған сарбаздың ісі: 29 автомат пен 28 тапанша тәркіленді

Қару үрлаған әскердің тағы бір сыбайласы ұсталды

Джеки Чан жұртты шулатқан ақпарат жайлы сөз қозғады

Әртіс өзінің аман-сау екендігін жеткізді

Бахрейнде бойжеткендерді сексуалды құлдыққа тартқандардың арасында қазақстандық азамат бар

21 бойжеткен Қазақстанға оралыпты

Елордада кәмелетке толмаған балалар қоғамдық көліктерде тегін жүреді

Жаңа заң 28 наурыздан бастап күшіне енбек

Шалбарын шешіп, мұсылман еместігін анықтамақшы болған: Үндістанда мұсылмандар мен индуисттердің арасындағы қақтығыста 27 адам қаза болды

Мұсылмандар жергілікті биліктің қанау әрекеттеріне шыдамай митингке шығыпты
Çàãðóçêà...