Қытай коронавирус таратты деп АҚШ-ты айыптады
Қытайдың сыртқы істер министрлігінің өкілі Чжао Лицзянь өзінің Twitter-дегі парақшасында америкалық әскери қызметшілер коронавирусты Ухань қаласына алып келуі мүмкін деп жазды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"АҚШ-та нөлдік науқас қашан пайда болды? Қанша адам жұқтырған? Ауруханалар қалай аталады? Мүмкін, АҚШ әскері індетті Уханьға әкелді. Ашық болыңыз! Өз деректеріңізді көрсетіңіздер! АҚШ бізге түсініктеме беруге тиіс!",- деді Чжао ағылшын тіліндегі жазбасында.
Осылайша Чжао Лицзянь АҚШ-та тұмаудан көз жұмған адамдарда өлгеннен кейін коронавирус табылғанын хабарлаған Аурулардың алдын алу және бақылау жөніндегі америкалық орталықтың басшысы Роберт Редфилдтің мәлімдемесіне түсініктеме берді.
Еске сала кетейік, Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавируспен ауыратын елдерден келетін және карантиннен бас тартатын азаматтарға ескерту жасап, оларды қылмыстық жауапкершілік күтетінін айтты.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі