Қырғызстанда балаларға анасының тегін алуға тыйым салынды
Қырғызстанның конституциялық соты қоғамның басым көпшілігі қарсы болғандықтан, елде балалардың анасының тегін таңдауына тыйым салды. Бастама бұған дейін мақұлданған еді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сурет ашық дереккөзден
Қырғызстанда биыл жазда конституциялық сот ел азаматтарына кәмелеттік жасқа толған соң әкесінің немесе анасының тегін өз қалауынша таңдауға мүмкіндік беретін шешім қабылдаған болатын. Бұл бірден биліктегілер арасында үлкен сынға ұшырады. Парламенттегілер тіпті конституциялық сот шешімдерінің күшін жоюға мүмкіндік беретін арнайы заң қабылдады.
Кейін соттың ресми сайтында құжат қайта жарияланды.
"Заңға өзгерістер енгізу туралы шешім түпкілікті. Оған шағым жасауға болмайды және жарияланған күннен бастап күшіне енеді", – делінген құжатта.
Сондай-ақ бұл шешімді Қырғызстан аумағындағы барлық мемлекеттік, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен лауазымды тұлғалар орындауға міндетті екені айтылған.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"