Қырғыз билігі оппозицияның басты талабын орындады
Қырғызстанда жексенбіде өткен парламент, яғни Жогорку Кенеш сайлауының нәтижелері жойылды. Бұл туралы бас прокурордың міндетін атқарушы Алмамбет Шықмаматов мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Шықмаматов бұл оппозицияның басты талабы екенін және оны орындағанын атап өтті.
"Бірақ әзірге біз жаңа сайлаудың уақытын белгілемейміз", - деді Алмамбет Шықмаматов.
Айта кетейік, сайлау науқаны барысында ауқымды бұрмалаушылықтарға қатысы бар барлық адамдар қамауға алынады.
Еске салайық, 5 қазанда Қырғызстанның астанасында оппозициялық партиялар мен қозғалыстардың жақтастары жексенбіде өткен парламенттік сайлаудың ресми нәтижелеріне наразылығын білдіріп, митингке шықты.
Наразылық білдірушілер Бішкектегі президент сарайының жанындағы Ала-Тоо алаңына жиналып, қайта сайлау тағайындалғанға дейін сол жерден "киіз үй қалашығын" құруға дайын екендерін жеткізді.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"