AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ким Чен Ын Солтүстік Корея халқын аз тамақтануға шақырды

Ким Чен Ын бастаған Солтүстік Корея үкіметі халықтың аз тамақтануы керек екенін ескертті. Бұл шектеу 2025 жылға дейін Қытаймен шекара ашылғанша жалғаспақ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап. 

Ким Чен Ын

Солтүстік Корея Қытаймен шекараны 2020 жылы пандемияға байланысты жапқан болатын. Бұл қадам Солтүстік Кореяның экономикасына елеулі әсер етті. Қытайдан келетін тауарлар бағасы өсті, ал дүкендегі азық-түлік мөлшері азайып кеткен. 

Дерек көздеріне сүйенсек, тұтынушылық тауарлардың жетіспеуі Корея халқының тыныс-тіршілігіне де зиянын тигізген. Адамдар тауар азаю салдарынан қыстан өту қиындайтынын айтып шағымданды. 

"Азық-түлік мәселесі ушығып тұр. Билік 2025 жылға дейін аз тамақтану жайлы айтқанда ашынудан басқа ештеңе істей алмаймыз", - деді Сыныйджу қаласының тұрғыны. 

Ал Солтүстік Корея билігі елдегі жағдайды санкция, коронавирус эпидемиясы және табиғи апаттармен байланыстырды.
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр