Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

KeshYou әншісі 500 мың теңгелік иіссуды көрсетіп жұртты таңқалдырды (фото)

KeshYou тобының әншісі Балжан Бидаш екі ұшты ойын бөлісіп, желідегілерге сақтанып жүруге кеңес берді. Мұнымен қатар, 500 000 теңгелік иіссуды көрсетіп желідегілерді таңқалдырды.

20065717_1578095115597498_3565125350226657280_n

Сурет: Балжан Бидаштың жеке парақшасынан

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Біреудің жанын жаралап алудан сақтаныңыз. Әйтпесе ол адамның кек алғаннан кейін ғана ашуы тарқауы мүмкін. Бірақ, Алла кешіргенді жақсы көреді!” – дейді ол.

Әнші жазғы демалысын Қытай елінде өткізуді жөн көрген сыңайлы. Сиань қаласында косметикалық дүкендерді аралап, қымбат әрі көлемді иіссуды көріп қатты таңқалғанын жеткізді. “Қытайдың Сиань қаласындағы Duty free. Иіссудың бағасы 500 000 теңге, тек тапсырыспен сатып аласыз. Менің ойымша, бұл иіссуды тауысамын дегенше жалығып кететін сияқтымын”, – дейді ол.

Желі қолданушылары да мұндай көлемді иіссуды алғаш көріп тұрғандарын жеткізіп, жалыққан кезде өздеріне беруді сұрады. “Жалығып бара жатсаңыз боулинг ойнауға болады екен”, “Шетінен құйып сатсаңыз болады”, “Жаздыгүні неге күртемен жүрсіз?”, “Неге тым қалың киініп алғансыз?”, “Иә, иіссуды ауыстырып тұрған дұрыс қой” деп жазады желідегілер.


Жіберіп алмаңыз:

Дана Кентай: Түркістанда қыздарға жігіттерге бірінші қоңырау шалуға тыйым салады

Әли Оқапов марқұм Linkin Park әншісі туралы естелігін бөлісті

Қызымен әзілдесіп ойнаған Асхат Тарғын жұртты күлдірді (видео)

Жолдыбаева анасын құттықтау үшін Маңғыстауға Алматыдан торт алып барды

Талқылау