"Кенжебек ренжіп қалмасын": Мақсат Базарбаев "МузАртта" өнер көрсеткен сәтін есіне алды
Көп көзіне түсе бермейтін әнші Мақсат Базарбаев осыдан 20 жыл бұрынғы естелік фотосын бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі алғаш сахнаға “МузАрт” тобымен шығып, кейін жеке әнші болып кеткен еді.
“Бұл – “МузАрт” тобы. Бұл да бір дәурен екен. Күйбең тірлік деп жүргенде жаз мезгілі де мәресіне жақын қалды”, – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары эстрада өкілінің топқа қайтып келуін тілеп, жарыса жазып жатыр.
“Мақсаттың орны ерекше еді”, “Триодан квартет жасауға болады емес пе?!”, “Сен болғанда “МузАрттың” әндерін тыңдаушы едік”, “Кенжебек ренжіп қалып жүрмесін”, “Мақсатты топқа алу керек, даусы ерекше”, “Махаббат гүлі солмайды” деп жүрген кездер-ай”, – деп жазды көпшілік.
Еске салайық, Сәкен Майғазиев “Мақсатты сен шығарып жібердің” деген қауесетке жауап берген еді.
2026 жылы шетелдік көрмелерге Алматы әкімдігі 1 млрд теңге жұмсайды: Делегациялар Дубай, Токио және Гонконгқа барады
Әр көрмеге орта есеппен 80 миллион теңгеден қарастырылған
"Ағаш сындырып, от жаққан, пиротехника атқан": Алматылықтар Бұтақты мен Көкжайлаудағы күл мен қоқысқа шағымданды
Тауға демалуға барған жұрт от жағып, тамақ пісіруге тыйым салу керек десті