Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кентал сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады

Кентал сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Gakku арнасына сілтеме жасап. 

Кентал сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады

Танымал өнер жұлдызы Кентал жақсы көретін аруға ұсыныс жасап, шаңырақ құруға дайындалып жатыр. Шығармашылығымен қатар жеке өмірін қолға алған әнші сүйген қызына қалай үйленуге ұсыныс жасағанын айтып берді. Сонымен қатар, өнер иесі тойдың  қашан болатынын жеткізген. 

"Мейрамханалардың бірінде ұсыныс жасадым. барлығы қарапайым болды. Менің әйелім боласың ба дедім де, сақина мен гүлді ұсындым. Ұсынысты жақында ғана жасадым. Сондықтан той көктемге қарай болатын шығар", - дейді Кентал.  

Кентал той жасауға асықпаса да, сүйген қызына ән арнап, бейнебаян түсірмек. Дегенмен өнер иесінің қалыңдығы бейнебаянға түспейтін көрінеді. Осылай болғанын жөн көрген ол қалыңдығын түсірілім алаңына да алып келмепті. 

"Бейнебаян оған арналғанымен, ол түспейді. Өйткені жеке өмір мен жұмысты араластырудың керегі жоқ. Менің ұстанымым сондай. Ол түсірілім алаңына келгісі келді. Бірақ мен оған отбасым мен жұмысымды байланыстырмаймын, үйде отыр деп айттым", - дейді Кентал.

Талқылау