Кеңседе қыз зорлау оқиғасы: Талдықорған полициясының экс-басшысы сотқа апелляциялық шағым түсірді
Талдықорғанда 27 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінген полиция басқармасының бұрынғы бастығы Марат Күштібаев сот үкіміне шағым білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Time.kz
Жетісу облыстық сотының хабарлауынша, сотталған азаматтың арызы 17 шілдеде келіп түскен. Істің апелляциялық сотта қашан қаралатыны айтылмады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Талдықорған полициясының басшысы қыз зорлады деген күдікпен ұсталған. Кейін ол екі айға қамауға алынды. ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 2-бөлігі ("Адамның қызметтік міндеттерін атқару кезінде жасаған зорлау") бойынша қылмыстық іс қозғалған. 29 ақпанда Марат Күштабаевтың қыз зорлау ісі бойынша сот процесі басталғаны хабарланған.
Бұған дейін Талдықорғандағы қыз зорлау оқиғасынан кейін орта шенді полиция қызметкерлерін аттестациядан өткізбек екені белгілі болған.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен