"Келініне енесін не күйеуін жамандап, азғыратындар жетеді": Айдарбекова Қайрат пен Жұлдыз жайлы айтты
Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат пен Жұлдыздың екі жаққа кеткенін, алайда қайта табысуға үмітті екенін айтып қалды. Айтуынша, продюсер Жұлдызды өз қызындай көреді.
Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімованың екі жаққа кеткенін көпшілік біраз уақыттан бері сөз етіп келді. Әншінің балалары мен отбасынан жырақта жүргенінін байқаған оқырмандары түрлі сауал қойып, өз болжамын айтып келді. Жақында Қайрат Нұртас туған күнін Мальдив аралдарында атап өтті. Отбасы бұл кеште бой көрсеткен жоқ.
Жақында әншінің анасы ұлы мен келінінің екі жақта екенін мәлім еткен еді. Дегенмен олардың қайта бірге болатынынан үмітті.
"Гүлзира ханым сізді бұрыннан оқимын, жақсы көремін. Бірақ келіндеріңіздің арасында ең инабатты, қазақи, сабырлы, тәрбиелі, жүзі жылы ол – Жұлдыз. Құдағиларыңыздың арасында да ең жүзі жылы – Жұлдыздың ата-анасы. Басқа келіндеріңізді жаман деп айтпаймын, орысша сөйлейтіндерін білем. Бірақ Жұлдызға жетпейді. Қайратпен бақытты болғанын қалаймын", – деп жазды желі қолданушысының бірі.
Бұған Айдарбекова жауап берді.
“Мен Жұлдызды сізден де артық жақсы көремін, алғашқы қызығым, төрт немеремнің анасы, ұлымның титтейінен сүйіп алған жары. Кейде ойлаймын, кейбіреулердің азғыруы әсер етті ме деп, байқасаңыз азғырушылар көп қой, адамды өзгертпеуіне қоймай жаза беретіндер, өзінің жағдайы мәз емес бола тұра ақыл айтқыштар көп. Енесіне келінін, келініне енесін, не күйеуін жамандап азғырып, от үрлейді. Естерін жияр, төрт бүлдіршіндерінің бағына. Алла сабыр берсін, кім ұрыспай жатыр”, – деп жазды Айдарбекова.