Аудиторлар "ҚазМұнайГаз" бен "Бәйтерек" компанияларында тексеріс бастады
Жоғарғы аудиторлық палатасы "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ активтерін пайдалану тиімділігіне тексеру басталғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин
“Жоғары аудиторлық палата "ҚазМұнайГаз "ҰК" АҚ және оның жекелеген еншілес ұйымдарының активтерін пайдалану тиімділігіне аудит жүргізуді бастады”, – делінген хабарламада.
Сонымен қатар "Бәйтерек "ҰБХ" АҚ және оның еншілес ұйымдарына, атап айтқанда:
- "Қазақстан Даму Банкі" АҚ;
- "Qazaqstan Investment Corporation" АҚ;
- "Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ;
- "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ-да қарызды басқару тиімділігіне аудит басталды.
Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов Назарбаев Университеті мен "ҚазМұнайГазға" тексеру жүргізілетіні туралы айтқан еді.
"Пасханы да, Ораза айтты да тойлаймыз": Екі түрлі дінді ұстанатын отбасы діни сыйластық туралы айтты
Бүгінде екі жасар қызын екі мәдениетпен де таныстырып тәрбиелеп отыр
Балалар құсып, іші өтіп жатыр: Қазақстанда инфекция таралып жатыр ма?
Мамандар әзірге ауру жаппай өршіді деуге негіз жоқ екенін айтады