"ҚазАвтоЖол" басшысы өзі және қызметкерлері қанша жалақы алатынын айтты (видео)

Үкіметтегі брифингте “ҚазАвтоЖол” ҰК" АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев ай сайын қанша жалақы алатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Брифингте журналистер “ҚазАвтоЖол” басшысынан топ-менеджерлердің жалақысы және олардың орташа айлық табысы қанша екенін сұрады.
Қазақстанда шетелдік ғалымдар отандық мамандардан 50 есе көп жалақы алып келген
“Компания қызметкерлерінің орташа жалақысы 495 мың теңге. Менің айлық жалақым – 1 миллион 200 мың теңге. Бұл – ресми жалақы”, – деді Иманашев.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда қай сала мамандары миллионға жуық жалақы алатынын жазған едік.
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев: Біздің қырғыздарға ешқандай қатысымыз жоқ
Қазақстанда шетелдіктер тұрақты тұру үшін қазақ тілінен тест тапсырады: Бұл талап интеграцияны күшейте ме, әлде көшуге ниеттілерді азайта ма?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі