AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұмысшылар ереуілінен кейін "Қазақтелеком" қызметкерлерінің жалақысы өсетін болды

"Қазақтелеком" мен ақпараттандыру және байланыс қызметкерлер кәсіподағы жаңа ұжымдық шартқа қол қойды. Серіктестіктің басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев Facebook парақшасындағы мәлімдемеде жаңа келісім-шарт әлеуметтік пакетті толық сақтай отырып, өндіріс қызметкерлерінің айлығын айтарлықтай арттыратынын айтқан. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өндіріс жұмысшыларының жалақысы біліктілік деңгейіне қарай орта есеппен 20-50 пайызға артады.

"Ұжымдық шартымыздың жаңа нұсқасында біз, ең алдымен, жаппай жұмысшылар мен инженерлік-техникалық қызметкерлердің лауазымдық жалақысының төменгі деңгейін көтеру, сондай-ақ қызметкерлердің ай сайын алатын жалақысының бөлігін көбейту міндетін аламыз", - дейді Есекеев.



Бұдан бөлек компания көп балалы және ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды қолдау бағдарламасын да қоса бекіткен.

"Қазіргі уақытта компания басшылығы қызметкерлердің жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдау көрсету бойынша бірқатар бастамаларды қарастыруда, бұл ретте біз қызметкерлеріміздің өздерін де, олардың балаларының білім алуына инвестициялауды жалғастырамыз", - деп қосты басқарма төрағасы.

Алматыда "Қазақтелекомның" техникалық бөлімшесінің қызметкерлері қаңтар айының аяғында ереуіл ұйымдастырған еді. Жұмысшылар азық-түлік бағасының қымбаттауын алға тартып, жалақыны көтеруді талап еткен.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр