Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жалақы 100%-ға көтерілсін": Маңғыстауда тағы бір кәсіпорын жұмысшылары талаптарын айтып, ереуілге шықты

Маңғыстау атом энергетикалық комбинатының (МАЭК) жұмысшылары жалақыларының 30%-ға көтерілуімен келісейтіндерін айтып, наразылыққа шықты. Олар басшылықтан жалақыны 100%-ға көтеруді талап етті. Бейбіт митингке шыққан жұмысшылар "ТЭЦ-2" ауданында жиналды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Inaktau.kz басылымына сілтеме жасап. 

митинг

Митингке қатысушылардың бірі талаптары орындалмайынша ешқандай тарамайтындарын жеткізген. Әлеуметтік желіде тараған видеоға сәйкес олар алаңға киіз үй әкеп, құра бастаған. Сонымен қатар қызметкерлер митингке шыққандарды қолдау үшін қаржы жинауды бастап кеткен. 

"Бастапқыда айтылғандай біз жалақының 100%-ға көтерілуін талап етеміз, 30%-бен біз келіспейміз. Өзгеріске қатысты келісімге қол қоймаймыз. Біз МАЭК жұмысшыларына жалақыны 100%-ға көтеру жөнінде өтініш таратып, 2 000-нан аса қол жинадық. Барлығы рәсімделіп, басшылыққа жіберілді. Жұмысшылар қазір бейбіт митингке шықты. Басшыларды ТЭЦ-2 маңында күтеміз. Талабымыз орындалмайынша ешқайда кетпейміз", - деді наразы жұмысшылардың бірі. 

Кәсіпорын қызметкерлерінің сөзінше, оларды еңбек шартындағы өзгеріске мәжбүрлеп қол қойдырған. Дау әлі шешілген жоқ, барлық инстанция өтпеген, демек еңбек шартына қол қоятын уақыт келген жоқ дейді олар. 

Ал "МАЭК-Қазатомпром" ЖШС басшылығы "жұмыс орнын қалдырып бейбіт шеруге қатысудың заңсыз екені" жөнінде ескерту жасаған. 

Айта кетейік, бұған дейін “Қазақстан темір жолы” компаниясының жұмысшылары жалақыны көтеруді талап етіп, наразылыққа шыққан еді. Бұдан бөлек олар зейнет жасын азайтуды да сұраған. 

Талқылау