AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның үш қаласында халықты 24 миллион теңгеге алдаған интернет алаяқтар тобы ұсталды

Қызылордалық полиция қызметкерлері еліміздің үш қаласында интернет-алаяқтар тобын қолға түсірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Polisia.kz мәліметтеріне сүйенсек, осы жылдың сәуір айынан бастап Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлерімен талайды сан соқтырған интернет алаяқтарды құрықтау бойынша жүргізілген арнайы іс-шара сәтті аяқталды. Жеңіл жолмен ақша табуды мақсат еткен әккі алаяқтар қолға түсті.

Былтыр қараша айынан бастап тұрғындарға белгісіз біреулер телефон арқылы хабарласып, “жақының есірткі затымен ұсталып тұр, оны жазадан босату үшін біз айтқан есепшотқа дереу қаражат аударуыңыз керек” деп үрейлендіріп, алаяқтық жолмен қаражаттарын жымқырып келген қылмыскерлер пайда болған болатын. Осы күнге дейін ұқсас фактілер бойынша облыс аумағында 32 қылмыстық іс тіркеліп, жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 24 миллион теңгеге жуықтады.



Әккі алаяқтардың қылмыстық іс-әрекеттерін әшкерелеу мақсатында Полиция департаментінің білікті қызметкерлер қатарынан жедел-тергеу тобы құрылып, тергеу амалдары басталды.

Тергеу нәтижесі жинақталған айғақтармен алаяқтық тәсілдердің дәлме-дәл ұқсастығын және бұл қылмыстардың барлығы белгілі бір қылмыстық топпен жасалғандығын көрсетті. Жедел-тергеу тобы алаяқтардың іс-әрекеттерін дәлелдейтін айғақтардың жеткілікті деңгейде жиналғандығын назарға ала отырып, 15 шілде күні бір мезетте еліміздің үш облысында, яғни Алматы, Ақтөбе және Жамбыл облыстарында арнайы іс-шара өткізді.

Іс-шара барысында әр облыста бір-бірімен сыбайласу арқылы алаяқтықпен айналысып келген 8 адамнан құралған қылмыстық топ құрықталды. Алаяқтардың мекен-жайын тінту барысында қылмыс құралы ретінде қолданылған 17 ұялы телефон, бейтаныс тұлғалардың атына жасырын тіркелген 15 абоненттік нөмірлер, 60 азаматтың ЖСН, аты-жөні жазылған тізім, ақша айналымдарын тіркеген блокнот анықталып, айғақ зат ретінде тәркіленді.

Осылайша жұртшылықтың маңдай терімен тиындап жинаған қаражатын арбап алып, бас пайдасына жаратуға дәніккен әккі интернет алаяқтықтардың жолы кесілді. Қазіргі уақытта бұл қылмыстық топтың өзге де өңірлерде орын алған алаяқтық қылмыстарына қатыстылығы тексерілуде.
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр