Қазақстанның мектептері мен ЖОО-лары 1 қыркүйектен бастап дәстүрлі білім беруге қайта оралады
Қазақстанның мектептері, колледждері мен жоғары оқу орындары 1 қыркүйектен бастап дәстүрлі білім беру форматына оралады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы премьер-министр Асқар Мамин мәлімдеді.
“Жаңа оқу жылында мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында, сонымен қатар колледждер мен жоғары оқу орындарында оқу штаттық режимде қамтамасыз етілсін. Білім министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, әрбір мектепке дәстүрлі форматта оқу бойынша нақты ұсынымдарды жеткізсін. Осы жылғы 25 тамызға дейін медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдардан басқа, педагогтар мен техперсоналды вакциналаумен 100 пайыз қамтамасыз етсін”, – деп мәлімдеді Асқар Мамин.
Қазақстанда 1-сынып оқушыларына "Алғашқы қоңырау" өткізуге рұқсат берілді
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"