Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның халықтар Ассамблеясы Парламент мәжілісінің 9 депутатын сайлайды

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының парламент мәжілісіне ҚХА-дан депутаттар сайлауға арналған ХХVІІІ сессиясы ашылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

сайлау

"Өздеріңіз білетіндей, 2007 жылы конституциялық реформа нәтижесінде қабылданған Ата заңға Қазақстан халқы Ассамблеясынан ҚР Парламенті Мәжілісіне 9 депутат сайлау құқығы берілген өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын. Бұл қадам біздің қоғамның бірлігін нығайтуға, этностар мүдделерін білдіруге, олардың еліміздің қоғамдық-саяси өміріне қатысуын жандандыруға бағытталған еді", - деді ҚХА төрағасының орынбасары – хатшылық меңгерушісі Жансейіт Түймебаев.

Ол бұл норма БҰҰ, ЕҚЫҰ және басқа да халықаралық ұйымдардың халықаралық пактілер мен конвенциялары аясында Қазақстанның адам құндылықтары, азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық міндеттемелерін орындау үдесіне жататынын атап өтті.

Жансейіт Түймебаев бүгін мәжіліске Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын депутаттар анықталатынын атап өтті. 

"Сайлау туралы" Конституциялық заңына сәйкес, Ассамблея сайлайтын Парламент Мәжілісіне депутаттығына кандидаттар ұсыну Ассамблея Кеңесінің өкілеттігіне жатады. 2020 жылғы 11 желтоқсанда Ассамблея Кеңесінің отырысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына Қазақстан халқы Ассамлеясы сайлайтын кандидаттар ұсынылды", - деді  ҚХА төрағасының орынбасары.

Оның айтуынша, Ассамблея кеңесі кандидаттар тізімін жасау барысында бірқатар маңызды критерилерді ескерді.

"Атап айтқанда: депутаттық корпустың сабақтастығы, аймақтық қамту, гендерлік теңдіктің қамтылуы, жастарды тарту, этникалық топтардың ескерілуі, депутаттық корпуста екі мерзімнен артық болмауы", - деді Жансейіт Түймебаев.

Кеңес қарауының қорытындысы бойынша парламент мәжілісіне депутаттыққа Ассамблея сайлайтын кандидаттар ұсыну туралы шешім қабылданып, олар сайлау бюллетеніне енгізілді.

Ұсынылған 9 кандидаттың қатарында бар:

1. Абдрахманов Сауытбек Абдрахманұлы

2. Амирханян Аветик Рубенович

3. Буларов Ильяс Юсупович

4. Дементьева Наталья Григорьевна

5. Ли Юрий Виссарионович

6. Набиев Вакиль Гусейнович

7. Осин Шамиль Абзалетдинович

8. Тохтасунов Владимир Имтахунович

9. Хамедов Абилфас Муслимович

Талқылау