Қазақстанның бас санитар дәрігері дәмханаларда ауызашар ұйымдастыруға рұқсат берді
Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова қазақстандықтардың дәмханаларда ауызашар ұйымдастыруына рұқсат берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қоғамдық тамақтану орындары жайлы айтатын болсақ, дәмханаларда 30 адамға дейін қабылдауға рұқсат беріледі. Бірақ тиісті ережелер орындалуы қажет. Ең бастысы - әлеуметтік қашықтық сақтау. Бірақ үйге 30-50 қонақ шақыруға тыйым салынады. Бұған дейін туған күнге қатысқан 8 адамның коронавирус жұқтырғаны айтылған еді", - деді бас санитар дәрігер.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда 25 мамырда сауда орталықтары мен жазғы дәмханалар ашылатыны жайлы жазған болатынбыз.
"Қызымның арманы еді": Қазақстандық аналар баласын шетелге жіберуге рұқсат етпейтін әкелерге шағымданды
Әйел: "Талантты қызым конкурсынан қалды"
"Дәрігердің өзі қатерлі ісікпен 8 жыл жүрген": Маммолог сүт безі обырының алғашқы белгілері мен ерекше оқиғаларды айтып берді
Сүт безіндегі ауырмайтын түйін де қауіпті болуы мүмкін