Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда 25 мамырда сауда орталықтары мен жазғы кафелер ашылады

25 мамырдан бастап Алматыда 500 шаршы метрден асатын сауда нысандары, сондай-ақ тамақтану орындары өз жұмыстарын бастайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Азық-түлік емес дүкендер, сұлулық салондары, химиялық тазарту мекемелері мен сауда орталығында орналасқан дүкендер жұмысын қайта бастайды. Сауда орындарының жұмысы сағат 23:00-ге дейін рұқсат етіледі. Сауда орталықтары мен оның аумағындағы тамақ сататын алаңдардың ашылуы екінші сатыда жоспарланған. СПА, фитнес-орталықтар, ойын-сауық нысандары үшінші сатыда жұмыстарын бастайды. Олардың ашылу уақыты қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады.

"Тамақтандыру нысандарына келетін болсақ, 25 мамырдан бастап жалпы саны 27 мың адам болатын 3100 кәсіпорындар, соның ішінде тамақтандыру орындарының жазғы алаңдары жұмыс істей бастайды. Олардың жұмысының маңызды шарты - көрші үстелдерде отырғандардың арасындағы қашықтық кемінде екі метр болуы керек және бір үстелге бір отбасы мүшелерін қоспағанда, төрт адамнан артық отыруға болмайды. Тамақтану орындары сағат 23:00-ге дейін жұмыс істейді", - деді ол.

Айта кетейік, бірінші кезеңде тойлар мен мерекелер өткізуге тыйым салынады. Сондай-ақ, бұл кезеңде караоке, бильярд бөлмелері және қоғамдық тамақтану аумағында жұмыс істейтін басқа да ойын-сауық орындарының жұмысына тыйым салынады. Карантин кезеңінде кальян қызметін көрсетуге тыйым салынады.

"Сонымен бірге, Алматыда ауданы 2000 шаршы метрден асатын ірі сауда нысандарын ашу, нысандардың дайындығын бағалаудан кейін ғана мүмкін болады. Бағалауға өтінімдер күн сайын call-орталығы арқылы қабылданады (+7 775 882 55 39, +7 775 882 57 08, +7 775 882 55 46, +7 775 882 54 16, +7 775 882 56 02, +7 775 882 53 12, +7 775 882 56 49, +7 775 882 52 00, + 7 775 882 56 72, +7 775 882 53 92), сондай-ақ [email protected] электронды поштасы арқылы хабарласуға болады", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, 25 мамырда Алматыда бірқатар қонақүйлер жұмыс істей бастайды.

25 мамырдан бастап қалада 84,2 мың адамды жұмыспен қамтамасыз ететін 3631 кәсіпорынды іске қосу жоспарланып отыр.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр