Қазақстаннан шетелге ұшатын жаңа әуе рейсі ашылды
Қазақстаннан Өзбекстанға жаңа рейс ашылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

2021 жылғы 8 наурыздан бастап "SCAT" әуе компаниясы Ақтау және Үргеніш қалалары арасында аптасына 2 рейс орындай бастайды.
Рейстер Б-737 әуе кемесімен дүйсенбі және сәрсенбі күндері орындалады.
Рейстер санитарлық – эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.
Еске салсақ, Түркістаннан Ыстамбұлға алғашқы рейстерге билеттер сатылымға шыққан болатын.
Оған қоса, Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы әуе рейстері жанданды.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған
